Елімізде Астана–Павлодар трассасында жол апаты екі есе артқан
Жолдың жалпы ұзындығы – 375 шақырым. Оның 24 шақырымдық бөлігі (230–254 км аралығы) әлі пайдалануға берілмегендіктен, бұл учаскеде ақы алынбайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ақылы Астана–Павлодар автожолымен тәулігіне шамамен 5 мың көлік қатынайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жолдың жалпы ұзындығы – 375 шақырым. Оның 24 шақырымдық бөлігі (230–254 км аралығы) әлі пайдалануға берілмегендіктен, бұл учаскеде ақы алынбайды.
Өңірлік полиция департаментінің дерегіне сәйкес, жыл басынан бері облыс аумағында 188 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 10 адам қаза тауып, 283 адам жарақат алған. Ал өткен жылдың осы кезеңінде 234 апат тіркеліп, 13 адам көз жұмып, 323 адам зардап шеккен.
Полиция мәліметінше, биыл қыс мезгілінде жол-көлік оқиғалары шамамен 20%-ға азайған. Бұған Астана бағытындағы жолда жылдамдықты сағатына 110 шақырымға дейін шектеу енгізу әсер еткен.
Бірақ Ішкі істер министрлігінің дерегі бұл көрсеткіштерге қайшы келеді. Ведомство мәліметінше, биылғы қыс айларында Астана–Павлодар автожолында 11 жол апаты тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
- Apple OpenAI-ді коммерциялық құпияларды ұрлады деп сотқа берді 01:29
- АҚШ Ираннан Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына кепілдік талап етті 00:30
- Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды 11.07.2026
- ШҚО-да фестиваль кезінде адасып кеткен екі жасар сәби аман-есен табылды 11.07.2026
- Жезқазғанда трансформаторлық қосалқы станса өртенді 11.07.2026
- Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады 11.07.2026
- Елімізде бір тәулікте екі орман өрті тіркелді 11.07.2026