6 Шілде 2024 2024, 08:55 Фото: BAQ.KZ архив

Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады

Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елімізде Астана есімді 24 адам тұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, бұл есімді адамдардың басым бөлігі ерлер - 17 адам.

Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады.

Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар. Бұлар - Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.