Елімізде әскери қауіпсіздік саласы жөніндегі құжаттар қайта әзірленді
Соңғы екі жылда елімізде әскери доктаринаны қайта жандандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әскерлерді даярлаудағы жаңа тәсілдер» тақырыбында өткен брифинг барысында Қарулы Күштері Бас штабы Жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары полковник Дәурен Абдуллин мәлімдеді.
Оның айтуынша, соңғы екі жылда еліміздің Қарулы Күштерінің құрылысы мен дамуы бойынша біршама жұмыстар атқарылған.
Жаңа мемлекеттік жоспарлауға сәйкес әскери қаупсіздік саласы жөніндегі құжаттар қайта әзірленді. Мемлекет басшысымен Қарулы Күштерінің даму тұжырымдамасы бекітілді. Әскери доктринаны қайта жандандыру жұмыстары жүргізілді. Қарулы Күштерінің құрылымы жетілдірілуде, өңірлік қолбасшылық пен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауапты аймақтары нақтыланды, - дейді, Дәурен Абдуллин.
Дәурен Абдулиннің айтуынша, қазіргі таңда бірде бір қарулы қақтығыс ҰҰА қолдануынсыз өтпейді. Осы перспективалық бағытты дамыту мақсатында, Бас штабта Ұшқышсыз авиациялық кешенін дамыту департаменті құрылған.