Елімізде арнайы техника мен автобус шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс істейді
ҚГИР-2024 алаңында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Volvo Group Kazakhstan» ЖШС Бас директоры Радиф Хасановпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Тараптардың әлеуетті ынтымақтастығы және Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қ.Шарлапаев атап өткендей, қазіргі уақытта автомобиль өнеркәсібі Қазақстанның өнеркәсіптік дамуының басым салаларының бірі болып табылады. Елде жеңіл автомобильдер, жүк көліктері, арнайы техника мен автобустар шығаратын 8 кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар, жеңіл автомобильдер өндірісіне бағытталған бірнеше перспективалы жобалар жүзеге асырылуда.
2025 жылы біз ішкі нарыққа да, экспорттық мүмкіндіктерге де бағдарланған Kia Qazaqstan және Astana Motors Manufacturing Kazakhstan сияқты 2 ірі автомобиль жобасын іске қосуды жоспарлап отырмыз. 2025 жылдың соңына дейін біз жиынтықтауыштарды өндіру бойынша 10 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз, бұл өндіріс құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгін бір қалада ауа сапасы нашарлайды
Өзгелердің жаңалығы