Елімізде арнайы білім беру ұйымдарының саны 508-ге жетті

2025 жылдың басынан бері Қазақстанда қосымша төрт арнайы білім беру ұйымы ашылып, олардың жалпы саны 508-ге жетті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда елімізде:

  • 110 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК),
  • 230 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК),
  • 99 арнайы мектеп,
  • 45 арнайы балабақша,
  • 13 оңалту орталығы,
  • 11 аутизм орталығы жұмыс істейді.

Мұндай мекемелер ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, оларды оқыту және оңалту бағытында маңызды рөл атқарады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы