Елімізде Араб елдерінің экономикалық форумы өтеді
Бұл туралы СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров журналистерге арналған брифингте айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қыркүйектің басында Орталық Азия - Парсы шығанағы Араб елдерінің ынтымақтастық кеңес елдері Сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі үшін Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барған.
2023 жылы Өзбекстанда келесі кездесу мен Қазақстанда Орталық Азия-Парсы шығанағындағы Араб елдерінің ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің 1-ші экономикалық форумын өткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді,- деді Смадияров.
Ресми өкіл атағандай, шара барысында министр бірқатар отырысқа қатысқан.
Жұмыс сапары аясында Мұхтар Тілеуберді бірқатар елдің басшылығымен екіжақты кездесулер өткізген,-деді ол.
Былтырғы кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және инвестициялық салалардағы өңіраралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Қорытындысында екі өңір арасында сыртқы істер министрлері деңгейінде "Орталық Азия – Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі" жаңа ынтымақтастық диалогы форматын құруға өзара мүдделілік білдірілді.