Елімізде қанша адам спортпен шұғылданатыны айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде қанша адам шұғылданатынын ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Үкімет үйінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірнеше тапсырма берді. Оның ішінде де бұқаралық спорттың дамуына ерекше назар аударды. Қаржы тапшылығы жағдайында, кәсіби спорт клубтарын толығымен мемлекет есебінен ұстаудың мағынасы жоқ екендігі атап өтілді, - деді Нұрқиса Дәуешов.
Вице-министрдің сөзінше, өңірлерде спорт секцияларын ашуға және балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға басымдық беріліп отыр.
Бұл мәселені шешу үшін 2020-2025 жылдарға арналған дене шынықтыруды және бұқаралық спортты дамытудың кешенді жоспары аясында іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Оған білім беру ұйымдарында тегін спорт клубтарын ашу, мектеп және оқушылар спорт лигаларын құру, мектептерді спорттық жабдықтармен қамтамасыз етуді қамтиды, - деді ол.Дәуешов елімізде спортпен айналысатындардың статистикасына тоқталып өтті.
Бүгінгі таңда елімізде дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде 5 млн астам адам шұғылданады, халықтың 30,6%-ын құрайды. Кешенді жоспарға сай бұл көрсеткішті 2025 жылға дейін 7,5 млн-нан астам адамға жеткізу көзделген, бұл шамамен 45%-ды құрайды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зейнетақы жинақтары емдеуге қалай жұмсалады?
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы