Елімізде алимент төлейтін әйелдер үлесі белгілі болды

Әділет министрлігі өткізген брифинг барысында журналистер ресми өкілге елімізде алимент төлемейтін әйелдердің саны қанша екенін сұрап, сауал қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министрліктің ресми өкілі Талғат Уәли келесідей жауап берді.

Алименттердің жалпы сомасының ішінде ерлер негізінен – 96,6%, ал әйелдер үлесі 3,6% төлейді. Әйелдер - 496 млн тг, ерлер-14,1 млрд тг. Борышкер әйел болған алимент өндіріп алу бойынша атқарушылық іс жүргізу еліміздің барлық дерлік аймақтарында бар, - деді өкіл.

Бұған дейін Алимент төлеуден қай өңір көш бастап тұрғаны белгілі болды. Сондай-ақ "Борышкер" рейдтік іс-шарасының қорытындысы жарияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы