Елімізде әлі бірнеше ай бойы жер сілкінеді - нумеролог
Нумеролог Құралай Бақыт елімізде болатын төтенше жағдайлар туралы ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшісі.
-Құралай ханым, қайырлы күн. Биыл елімізде қандай төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін?
Жыл саны – 8, яғни гравитация жылы. Жер тыныс алатын жыл деп атасақ болады. Бұл биыл жер сілкінісі жиі болады деген сөз. Кезең бойынша: қаңтар, ақпан, маусым, шілде, тамыз айлары. Ал көршіліс елдерде наурыз айында жер сілкінісі болуы мүмкін.
-Ал, еліміз үшін қай уақыт қауіпті болмақ?
Жалпы қай күндері ылғал көп болады, сол күндерге тиісті ведомство өкілдері аса мән беруі керек. Әсіресе Алматы, еліміздің оңтүстік аймақтары. Халыққа ескерту үшін тек қана кәсіби техникамен жұмыс істейтін мамандар жеткіліксіз. Мықты аналитиктер мен елімізде физика-химия бағытын жақсы меңгерген сарапшылардың көмегі керек.
-Бір сұқбатыңызда биыл әуе апаттары да болуы мүмкін деген екенсіз...
Әлемде әуе апаттары да осы гравитация күндері болуы мүмкін. Ол дегеніміз ақпан, тамыз, қыркүйек, қазан айлары қауіпті болмақ, - деп атап өтті нумеролог.
-Әлеуметтік парақшаңызда әр күнге болжам жасап отырасыз. Бүгін қандай күн?
Бүгін көп қозғалатын күн. Әсіресе көлікпен. Сондау-ақ бүгін – тұрақтылық күні. Сурет салу, арттерапиямен айналысу пайдалы болмақ.
-Уақыт бөліп, сұқбат бергеніңіз үшін алғыс айтамын.