Елімізде алғаш рет стенд атудан Азия кубогы басталды

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында стенд атудан Азия Кубогы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған сары құрлық додасы елімізде алғаш рет жалауын желбіретіп отыр.

20-30 қыркүйек аралығында өтетін жарысқа құрлықтағы 15 елден таңдаулы 200-ден астам спортшы келді.

Бұл қатарда Қазақстанмен қатар Бахрейн, Үндістан, Иордания, Иран, Қатар, Қытай, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Қырғызстан, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Жапония спортшылары бар.

Сонымен қатар 21-24 қыркүйек аралығында компакт-спортингтен ашық Азия Кубогы өтеді. Онда әлемнің 10 елінен 100-ден астам спортшы жүлдеге таласады: Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Мажарстан, Вьетнам, Латвия, Литва, Ресей.

Жарыстың ресми ашылу салтанаты 21 қыркүйек, сағат 17:30-да А.Асанов атындағы ату кешенінде өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы