Елімізде алғаш рет «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада «Мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыру мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өткен жиында мемлекеттік тілді одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ шарада мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосып жүрген белгілі лингвист ғалымдар, тіл үйрету жобаларының авторлары мен әдіскерлері «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес тіл саласын дамытудағы белсенді еңбегі үшін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар тізімі:

1. «Астана» Медицина университетінің Профилактикалық медицина және тамақтану кафедрасының профессоры, Қр Үкіметінің жанындағы Республикалық терминологиялық комиссияның мүшесі Мұхамбедия Ахметов.

2. ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұзақ жылдар қызмет атқарған білім беру саласының ардагері, тіл жанашыры Роза Баттал.

3. «Til Daua» онлайн-мектебінің жетекшісі, «Қазақ тіліндегі грамматикалық старт», «Қане, кітап оқиық» бейне курстарының авторы Тайтөлеу Аймағанбетова.

4. Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Шерубай Құрманбайұлы.

5. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Қыздархан Рысберген.

6. «Kaz-tili.kz» сайтының авторы, ересектер арасында қазақ тілін үйрену курсының ұйымдастырушысы Татьяна Валяева.

7. Қарағанды облысы Тілдерді дамыту басқармасының басшысы, тіл жанашыры Гүлнарайым Қаңтарбекова.

8. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Орынай Жұбай.

9. А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Құралай Кудеринова.

10. Ақмола облысы Тілдерді оқыту орталығының директоры Қаратай Түлекеев.

11. Жамбыл облысы Тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлхан Әлімбекова.

12. «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының директоры Рауан Кенжеханұлы.

13. «Калькасыз қазақ тілі» жобасының авторы, тіл жанашыры Назгүл Қожабек.

14. Алматы қаласының №102 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Татьяна Бажиева.

15. «Lingva.ten» тіл орталығының директоры Владислав Тен.

16. Қарағанды облысы Тілдерді оқыту орталығының директоры Алмагүл Игенова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы