Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өсті

Ұлттық статистика бюросы өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2 пайызға қымбаттағанын мәлімдеді. Ай басынан бері олар 0,5%-ға, ал жыл басынан бері 20,1%-ға өскен. Осыған орай жұмыртқаның бағасы көтерілсе, пияз, сәбіз, картоптың құны төмендеген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жылдық мәнде әлеуметтік маңызы бар өнімдер 19,6%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 4,1%-ға жоғары.

Соңғы аптада бірінші санаттағы жұмыртқаның бағасы 1,9%-ға бірден өскен. Кейбір азық-түлік дүкендерінде қазір он дана жұмыртқаның бағасы 600 теңгеге дейін бағалануда.

Сонымен қатар, соңғы аптада пияз – 2,6%-ға, сәбіз – 1,7%-ға, картоп – 0,9%-ға бағасы төмендеген.

18 қазандағы жағдай бойынша қарақұмық келісіне орта есеппен 524 теңге, картоп 152 теңге, айран (2,5%) литрі 345 теңге болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы