Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Белгілі болғандай, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны қалыптастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады, - делінген хабарламада.
Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде -10-18 градус аязға дейін, еліміздің қиыр шығысында -23 градус аязға дейін төмендейді деп күтілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы