Елімізде әкімшілік заңнама қалай жетілдіріледі
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Әділет вице-министрі Алма Мұқанова әкімшілік заңнаманы жетілдіру тәсілдері жөнінде айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі уақытта Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын әзірлеу бойынша жұмысты бастады, - деп айтты вице-министр.
Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет саласын жетілдіру және кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын 4 негізгі бағытқа бөлуге болатынын айтты.
- әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін әкімшілік әділет саласына көшіру мүмкіндігін қарастыру;
- Азаматтық процестік кодексінің қоғамдық-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске көшіру;
- Азаматтық процестік кодексінің «Нормативтік құқықтық актінің заңдылығын даулау туралы істер бойынша іс жүргізу» 30-тарауын әкімшілік әділет саласына көшіру;
- қолданыстағы институттарды түзету және жаңаларын имплементациялау мақсатында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу.