Елімізде АИ-95 бензині қымбаттауы мүмкін бе?

Еліміздегі АИ-95 бензині алдағы бір-екі айда елдің қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, бүгінгі таңда еліміз Ресей Федерациясымен 40 мың тонна көлемінде бензин тасымалдаудың индикативті балансына қол қойған.

Қазіргі уақытты Ресейдің энергетика министрлігіне 70 мың тоннаға индикативті балансты ұлғайту туралы хат жібердік. Бұл жалпы 110 мың тоннаны құрайтын болады. «Петросян» компаниясының бензинді жеткізбеуі мәселесіне қатысты айтар болсам: келісімшарт Ресей энергетика министрлігінің өтінішімен қазан айына шегерілді. Өздеріңіз білетіндей, оларда қазір АИ-95 бензині мен дизель отынына қатысты жағдай күрделі. Әріптестерімізді түсінеміз, - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары. 

Сонымен қатар ол еліміздегі АИ-95 бензинінің ахуалына тоқталды.

Біздің болжап отырған қыркүйек айындағы қалған қорымыз қазанда да септігін тигізеді. Энергетика министрлігінің болжамына сәйкес, АИ-95 бензинінің тапшылығы орын алмайды. Өзімізді бұл бензинмен қамтамасыз ете аламыз. Егер АИ-95 өндіретін үш зауытты алып қарасақ, олардың жалпы өндіріс көлемі – айына 120 мың тонна. Оның 80-85 мың тоннасын тұтынамыз. Бірақ Шымкент мұнай өңдеу зауытында жылу алмастырғыш сынып қалуына байланысты жаңасын күтіп отырмыз. Зауыт жартылай ғана жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ 1 қазан мен 3 қараша аралығында Атырау мұнай өңдеу зауыты уақытша тоқтайды деген жоспарда бар. Бензин де, дизель отыны да шығарылмайды, - деді Ерлан Ақкенженов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы