Елімізде АЭС салу үшін Ресей технологиясы қолданылуы мүмкін
Қазақстан атом электр стансасын салу үшін Ресейдің технологиясын қарастыра ма? Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі уақытта тек Түркияның Аккую атом электр стансасынан бөлек, әріптестеріміз басқа елдердің технологияларын көрді. Шыны керек, Ресейлік технология әлемдегі ең дамыған технологияның бірі. Бұған дейін мен олардың реактор сағаттарының қаншалықты жұмыс істейтін айта кеткен едім. Ресей технологиясынан сәл төмендеу тұрған Франция, Корей және Қытай стансаларының технологиялары, - деді Болат Ақшолақов.
Оның айтуынша, АЭС ең маңызды мәселе - қауіпсіздік.
Қауіпсіздік пен технолгия жағынан бір тоқтамға келуіміз керек. Бірақ біз бір елдің технологиясын таңдаған кезде, онда тек стансаның негізгі күшіне, яғни жүрегіне көңіл аударылады. Ал қалған басқа да қондырғылары мен электроникасы бүкілі басқа елден болуы мүмкін. Байланған ештеңе жоқ. Қай технологияны таңдаймыз оны жасырмай айтатын боламыз, - деді министр.
Энергетика министрі АЭС-те жұмыс істейтін мамандардың қалай даярланатынын айтты.
Біз жыл басында Ресейдің ядролық физикамен айналысатын институттарымен келісімге келдік. Біздің мамандарды оқытатын болады. Қазіргі уақытта біз Венгрия елімен келіссөз жүргісіз жатырмыз. Ол мемлекет бұл жағынан дамыған. Екінші мәселе оларды жұмысқа орналастыру қажет. Олар АЭС-те жұмыс істеп, тәжірибе жинауы керек. Тек 10 жылдан кейін маман деп санауға болады. 2035 жылы АЭС бітеді деп есептесек, 2 мың жұмысшыны дайындауға мүмкіндік бар, - деді ол Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте.