Елімізде ақпан айында мамандандырылған ХҚКО-лар демалыссыз жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ақпан айында мамандандырылған ХҚК орталықтары демалыссыз жұмыс істейтін болды. 


Еgov.kz хабарлағандай, жексенбі күндері тек ЕАЭК елдерінен әкелінген көліктерді уақытша тіркеу бойынша құжаттар рәсімделеді. 


Мұндай шешім уақытша тіркеуге жатқызылған көліктердің қожайындары бір ай ішінде қажетті процедуралардан өтіп үлгеруі үшін қабылданып отыр.


1-29 ақпан аралығында мамандандырылған ХҚК орталықтарының жұмыс уақыты өзгеріссіз қалады – сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Тек тағы бір қосымша жұмыс күні ретінде жексенбі қосылады. Ол күні жоғарыда аталған процедура бойынша қызмет көрсетіледі.


Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы полицияға Армения, Ресей, Қырғызсатн мен Беларусьтен әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеу туралы тапсырма берген. 


Мұндай көліктерге сары түсті 18 (аймақ) саны көрсетілген нөмірлер тағылады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы