Елімізде 982 535 адам «Pfizer» вакцинасын салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 9 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 982 535 адам, ІІ-ші дозасын 852 096 адам салдырды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, вакцина салдырғандардың арасында 794 075 жасөспірім, 36 478 жүкті әйел, 130 280 бала емізетін әйел І-ші компонентін салдырған.
Ал екінші компонентін 709 408 жасөспірім, 31 024 жүкті әйел, 110 513 бала емізетін әйел салдырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте 19 адам коронавирустан емделіп шықты
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы