Елімізде 9 жел электр стансасы бой көтереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
Оның айтуынша, жаңартылатын энергия көздері саласында 87 млрд теңге сомасына 10 жоба жүзеге асырылып жатыр.
Энергетика министрінің айтуынша, жобалардың іске асырылуы нәтижесінде жаңа жұмыс орындары пайда болады.Жалпы жобалардың жиынтық қуаты 170 МВт болады. Атап айтсақ: Шығыс Қазақстанда, Алматы және Қостанай облыстарында 9 жел электр стансасы салынып жатыр. 1 гидроэлектрстансасының құрылысы Алматы облысында жүзеге асырылуда, - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.
Жоғарыда аталған жобалар биыл жыл соңына дейін тапсырылады. Нәтижесінде 105 тұрақты жұмыс орны пайда болады, - деп атап өтті сала министрі.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанға жеткізілетін жанармай импорты төмендейтіні туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанға жеткізілетін жанармай импорты төмендейді
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы