Елімізде 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған

Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылдың қаңтарындағы бағалау бойынша республика экономикасында, 8,8 млн адам жұмыспен қамтылған. Бұл туралы статистика комитеті  хабарлады.

Жұмыс істейтіндер ішінде  6,7 млн адам жалдамалы қызмет бойынша күн көруде, бұл жұмыспен қамтылғандардың 76,1% құрайды.

2020 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны 441,2 мың адамды құраған, яғни жұмыссыздық деңгейі 4,8%. Жұмыспен қамту органдарында 2020 жылғы қаңтар айының соңына 116,1 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,3%-ын құрады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы