Елімізде 70 бақылау-өткізу бекеті бар - ІІМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 70 бақылау-өткізу бекеті бар. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің бүкіл аумағында төтенше жағдай режимі жарияланды.
Қаңтар айының басынан бастап қарағандылық полицейлер де қызмет атқарудың күшейтілген түріне көшті, өңір тұрғындарының тыныштығын күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр.
Осы мақсатта Қарағанды қаласы айналасында 8 бекет қойылды. Онда тәртіп сақшылары мен әскерилер көлік жүргізушілерінің құжаттарын тексереді. Түнгі уақытта қаланы патрульдеуге 50 патрульдік полиция экипажы кірісті. Олар кешкі уақытта өтіп бара жатқан жолаушыларды тоқтата отырып, азаматтардың жеке басын және көшеде кешкі уақытта болу себептерін анықтады, - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ІІМ мәліметіне сәйкес барлық әкімдік босатылып, күшейтілген қорғауға алынды. Елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін 70 бақылау-өткізу бекеті бар.
26 қарулы қылмыскер жойылып, 18-і жараланды.
Алматыда қоғамдық тәртіпті, стратегиялық маңызы бар объектілерді қорғауды, көшелерді тазалауды құқық қорғау органдарының күштері, қарулы және оларға қарасты күштер жүзеге асырады, - делінген ІІМ хабарламасында.