Елімізде 7 мыңға жуық дәрі-дәрмектің түрі бар
Бұл туралы үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда елімізде 6 891 дәрілік заттар мен 13 мыңнан астам медициналық бұйымдар тіркелген. Елімізде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға зертханалық сараптама жасау бойынша 3 зертхана жұмыс істейді. Бұл зертханалар ДЗ сапасына, қауіпсіздігіне және тиімділігіне сараптама жүргізеді. Сараптама қорытындасы бойынша ДЗ-тардың қойылған талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты жыл басынан бері нарыққа 145 ДЗ немесе берілген өтінімдердің 2,6% енгізілмеді, - деді Денсаулық сақтау министрі.
Министр 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау енгізілгенін атап өтті.
Бұл ДЗ-дың заңсыз айналымын анықтап, олардың қолданысқа өтуіне бөгет болады. Қазіргі таңда 68.6 млн (еск - 39,3 млн – шетелдік, 29,3 млн - отандық) астам дәрілік заттардың қаптамасы таңбаланып, оның 28,5 млн айналымға енгізілді. Бұл жұмысқа отандық дәрі-дәрмек өндірушілер, тасымалдаушылар, жеке айналымдағы дәріханалар мен 1 784 медициналық ұйымдар қатысуда. Бұл өз кезегінде, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде дәрілік заттардың толық айналымын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Әлназарова.
Еске сала кетейік, осыған дейін Үкіметте Бектенов бір айда 130-дан астам өрт шыққанын айтқаны туралы жазғанбыз. Елімізде өрт сөндіру бөлімшелерін салу тәсілі қайта қаралды. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов өрттің көбіне неден шығатынын айтты.