Елімізде 7 күнде 3,5 мыңға жуық қылмыс жасалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

Бір апта ішінде 3348 қылмыс жасалды. Оның 2 124-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 9 кісі өлтіруді, 7 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 62 тонауға қатысты және 500 бөтен мүлікті ұрлау қылмысын ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Сонымен қатар ІІМ адам саудасына қарсы заң жобасының тұжырымдамасын талқылағанын алға тартты. 

Министрдің орынбасары Ержан Саденовтің төрағалық етуімен тұжырымдаманы әзірлеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысына Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, - деп атап өтті ІІМ өкілі. 

 Талқылау барысында мына мәселелер ұсынылған: 

- «адам саудасы», «адам саудасының құрбандарын сәйкестендіру», «қайта бағыттау механизмдері», «адам саудасына қарсы күрес субъектілері» түсініктерін анықтау;  

- құзыретті органдарды бекіту; 

- ведомствоаралық үйлестіру мен өзара әрекет; 

- мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың адам саудасына қарсы тұрудағы құзыреттілігі; 

- адам саудасының құрбандарына, соның ішінде Қазақстан аумағында құрбанға айналған шетелдіктерге көмек көрсету;  

- адам саудасының кәмелетке толмаған құрбандарын қорғау;  

- Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттері.  

Тұжырымдаманы дайындау мерзімі 2022 жылғы қыркүйек, ал заң жобасын енгізу – 2023 жылдың сәуір айы деп көрсетілген. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы