Елімізде 6 млн адам МӘМС жүйесіне қатысқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 6 млн астам адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы, деп хабарлайды "Хабар 24".
Бұл 2019 жылдың соңғы 9 айының қорытындысы. Бұл азаматтар үшін мемлекеттік қорға 183 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер түсті. Оның 146 миллиарды 707 мың қазақстандыққа берілді.
Ең көп сома бір жасқа толған баланың күтімі үшін үлестіріліпті. Жәрдемақы көлемі 67 млрд теңгеге жуық. Содан кейін 58 жарым миллиард теңге жүктілік және баланың тууына байланысты берілген.
10 млрд теңгедей ақша еңбекке жарамсыз адамдарға аударылса, асыраушысынан айырылғандарға 7 млрд теңге, ал жұмысын жоғалтқандарға 3,3 млрд теңге төленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Байқоңырда "Протон" оқу-жаттығуы өтті
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы