Елімізде 540 мыңнан астам педагог бар – Аймағамбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халық алдында есеп беру кездесуі кезінде айтты.

Есеп беру кездесуі онлайн форматта өтіп жатыр.

19 маусымға дейін жазғы мектептері ұйымдастыруды жөн көрдік. Қазір бұл жұмыс жалғастырылып жатыр, - деді министр.

Халыққа есеп беру кезінде білім саласында пандемия салдарынан болған түрлі олқылықтар, жетістіктер мәселесі де талқыланады.

Біріншіден, 2020 жыл қиын сәттерге толы болса, екіншіден, ауыз толтырып айтатын жетістіктерге де толы болды деп айтуға барлық негіз бар. Сонымен қатар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында тәуелсіздік алғаннан бастап білім саласында оң өзгерістер болды. Ұлттық білім беру, ғылым жүйесі қалыптасты. Соның нәтижесінде айтарлықтай жетістіктерге еліміз қол жеткізді, - деп атап өтті БҒМ басшысы.

Аймағамбетов еліміздің білім саласындағы халықаралық рейтингтерде жеткен жетістіктері, жақсы жаңалықтары баршылық дейді.

PISA, ICILS және басқа да зерттейлерге үнемі қатысып отырамыз. Олардың нәтижесінде білім жүйесіндегі қандай жұмыс жасап, алдағы мақсаттарға көзіміз жетіп отыр. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім, ғылым саласын дамыту үшін үлкен мақсат-міндеттер қойып отыр. Оны орындау үшін бәріміз бірге күш салып, сапалы әрі уақытылы орындауымыз керек, - деді бас ұстаз.

Оның айтуынша, еліміздегі білім және ғылым жүйесінде 20 мың білім беру ұйымы, 3,4 млн-нан астам оқушы және 540 мыңнан астам педагог қамтиды. Бұл еліміздің 3/1 бөлігін құрайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы