Елімізде 50 млн қызмет онлайн көрсетілді
"Digital Almaty" 2024 форумында Egov mobile мобильді қосымшасын ай сайын 4 млн-нан астам адам пайдаланғаны айтылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің айтуынша, өткен жылы онлайн режимде 50 млн қызмет көрсетілген, қызметтердің 92%-ы азаматтарға үйден шықпай-ақ қолжетімді болған.
Қызметтердің барлығы Egov superapp-та қолжетімді. Ол 850 сервис, қағаз нұсқаны алмастыратын 31 цифрлық құжат, мемлекеттік сервистердің маркетплейсі. Қазақстанда eGov mobile мобильді қосымшасын ай сайын 4 млн-нан астам адам пайдаланады. Енді біз қолданыстағы барлық компонентті бірыңғай GovTech платформасына – KazTech-ке біріктіреміз, онда біз қазірдің өзінде ашық регламенттер мен ережелерді енгіземіз. Біздің бағалауымыз бойынша, әр жобада орташа алғанда, шамамен 40% ұқсас процестер мен талаптарды автоматтандыру бар. Электронды үкіметті енгізу көрсеткіші жылдан жылға артып келеді, бұл ретте 2023 жылы онлайн режимде 50 млн қызмет көрсетілді, қызметтердің 92%-ы азаматтарға үйден шықпай-ақ қолжетімді болды, – дейді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.