Елімізде 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 қазанда Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, сәрсенбіде Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалаларында ауа ластануы күтіледі.

Қалған қалаларда метеожағдай қолайлы болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы