Елімізде 4896 рұқсатсыз қоқыс алаңы анықталған

Орталық коммуникациялар алыңында өткен брифинг барысында экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұрлан Құрмалаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Табиғи ресурстардың интерактивті картасы Tabigat.gov.kz платформасы экологиялық жағдай мен табиғи ресурстар туралы ақпарат ұсынатын геоақпараттық жоба. Бқл платформа арқылы пайдаланушылар экологиялық ластану мен экологиялық тарихи деректер, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және қайта өңдеу орындары, сондай-ақ табиғи ресурстар объектілерінің географиялық деректерін ала алады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, рекреациялық аймақтар, жануарлар дүниесінің мекен ету орындары мен көші-қон жолдары, сондай-ақ аңшылық аумақтарты көре алады. Осылайша, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар туралы толық ақпаратқа бірегей қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Экологиялық туризмге халықтың қызығушылығын қолдау мақсатында геоақпараттық платформада орналастырылған барлық табиғи объекті Яндекс картасында қолжетімді, мұнда азаматтар ақпарат ала алады және өз маршруттарын алдын ала жоспарлай алады, - деді Нұрлан Құрмалаев.

Интерактивті картаның негізгі элементтерінің бірі — ғарыштық мониторингті қолдану. Ол қоқыс алаңдарын, заңсыз орман кесу орындарын анықтауға мүмкіндік береді.

Биылғы жылы 4 896 рұқсатсыз қоқыс алаңы анықталды. Рұқсатсыз қоқыс алаңдарын жою кезінде тиімді мониторинг бойынша жұмыс жүргізілуде, оның ішінде жасанды интеллектіні қолдану арқылы аймақтарды автоматты түрде анықтау және рейтингін қалыптастыру жүзеге асырылып жатыр, - деді ол.

Бұған дейін Экология саласында "Цифрлық трансформация" картасы бекітілгені туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ -архив
Өзгелердің жаңалығы