Елімізде 45 мыңнан аса баспана үйді басқарудың жаңа нысанына көшкен
Елімізде 45 мыңнан аса үй тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарына көшкен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарушы директоры Марғұлан Әбдікәрімов айтты.
Бүгінгі таңда республика бойынша 46 714 көппәтерлі тұрғын үйдің 45 425-і жаңа нысандарға көшті. Оның ішінде 5 581 мүлік иелері бірлестігі, қалғандары қарапайым серіктестер. Яғни ол 97,2 пайыз, - деп жауап берді Марғұлан Әбдікәрімов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ИИДМ өкілдері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға енгізілетін түзетулер туралы айтып берді. Заңға жаңа түзетулерді Үкімет 2023 жылдың 15 наурызында қабылдады. Барлығы 9 заңға 164 түзету қарастырылып отыр.