Елімізде 40 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды
Шөп дайындау жоспары 103,3 пайызға, пішендеме 102 пайызға орындалған.
Қазақстанда қысқы кезеңге 40 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды. Бұл жоспарланған көлемнің 103,5 пайызына тең.
Облыс әкімдіктерінің жедел мәліметіне сәйкес, 26,6 млн тонна шөп, 2,4 млн тонна пішендеме, 2,5 млн тонна сүрлем, 4,6 млн тонна сабан және 3,9 млн тонна құнарлы жем дайындалған.
Шөп дайындау жоспары 103,3 пайызға, пішендеме 102 пайызға орындалған. Сүрлем дайындау көрсеткіші 89,2 пайыз, сабан 96,2 пайызды құрады.
Сонымен қатар шаруашылықтарда өткен қыстан қалған 5,6 млн тонна жемшөп қоры бар. Ал қажет болған жағдайда мал шаруашылығы қожалықтарын қосымша қамтамасыз ету үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ жемдік астық қорын қалыптастырады.
Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жемшөп дайындау барысын бақылауда ұстап отыр.