Ауа райы: 38 градус ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 20-22 қыркүйек күндеріне ауа райы болжамын жасады.
Атмосфералық фронт әсерінен еліміздің батыс және солтүстік-батыс аймақтарында бұлтты, жауын-шашынды болып, температура төмендейді.
Жексенбі күні атмосфералық фронттар солтүстік, орталық және оңтүстік, ал дүйсенбіде Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарына жетіп, бұл аймақтарда да жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендей бастайды.
Бірақ демалыс күндері әлі де жылы болады, ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық аймақтарда максималды ауа температурасы плюс 30…38°С болып, климаттық нормадан 4…8°С жоғары болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Қолымнан келсе, көрінген адамды тыға беремін ғой»: вице-министр үй сұрап жүрген көпбалалы аналарға қатысты
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы