Елімізде 3500-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж

Отандық трансплантологияның басты мәселелерінің бірі — ағза ауыстыруды қажет ететін жандардың күн санап өсіп келе жатқандығы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Деректерге сүйенсек, бүгінде ағза ауыстыруға мұқтаж жандардың күту парағында 3566 пациенттің аты тұр. Бұл сан күн санап артып келеді. Өкінішке қарай, пациенттердің көбі трансплантация күніне жетпестен көз жұмады.

Мамандар бұл мәселені ең алдымен  донорлық ағзалардың жетіспеушілігімен байланыстырып отыр.

Мұндай мәселелер халықтың трансплантология саласының қаншалықты маңызды екендігінен толыққанды хабар еместігінен орын алады. Қиыншылықтарға қарамастан, елімізде бұл сала бұл сала белсенді түрде дамып келеді. Бұрын емі жоқ деген пациенттер жаңа өмірге жолдама алып, сапалы ем-дом ала алады. Соңғы жыл ішінде Қазақстанда 120 донорлық ағза ауыстыру операциясы жасалды. Олардың 113-і — тірі, 7-і қайтыс болған жандардың донорлығы, — деп атап өтті Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының хирургия бойынша директоры Юрий Пя.

Айта кететін жайт, елімізде алғашқы донорлық жүрекке 10 жыл бұрын жасалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы