Елімізде 30 мың адам түрмеде отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов елімізде түрме халқының саны азайғанын айтты. 

Ол ізгілендірудің келесі сатысымен қылмысты алғаш рет, абайсызда жасаған және қоғам үшін қауіп төндірмейтін адамдарға қылмыстық заңның жазалау жағы айтарлықтай төмендегенін айтты.  

Қылмыстық кодекстің 39-бабы бойынша залал шегі екі есе ұлғайтылды, 32-бабы бойынша бас бостандығынан айыру мерзімдері төмендетілді. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа 247 қылмыс бойынша балама жаза ретінде бірнеше рет қоғамдық жұмыстар, ал 12 ауыр қылмыстар бойынша бас бостандығынан айыру енгізілді. 
Ол ізгілендірудің қандай жағдай болмасын аса ауыр қылмыс жасағандарға қатысы жоқ екенін атап өтті.

«Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге 216 адам ауыстырылды. Осындай жүйелі шаралардың арқасында қамаудағылардың саны 27 жылда 68,5 мыңға қысқарды. Тәуелсіздік алған кезде Қазақстан түрме халқы саны жағынан әлемде үшінші орында тұрды. Әрбір жетінші қазақстандық отбасыда бас бостандығынан айыру орнында бір сотталған адам болды. Бүгінде 29913 адам бар. 8 түрмені жабу есебінен бюджетті үнемдеу 12 млрд теңгені құрады. Тағы төрт ескі типтегі колонияны жауып жатырмыз. Бір жылда Қазақстан түрме халқының халықаралық индексіндегі рейтингісі 83-орыннан 95-орынға дейін жоғарылап, 12 позицияға жақсартты», - деді Ахметжанов.

Бұған дейін BAQ.KZ тілшісі  Қарағанды облысының Долинка кентіндегі АК-159/7 мекемесіндегі сотталған азаматтың бір күні туралы арнайы материал әзірлеген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы