Елімізде 25 мыңнан астам ғалым жұмыс істейді

Бүгінгі таңда елімізде 25 мыңға жуық адам ғылым бағытында жұмыс істейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ғылым мен технологиялық саясаттың дамуы туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ғылыми инновацияны дамыту – ел дамуының экономикалық бағытының негізгі басымдықтарының бірі. Соңғы жылдары Мемлекет басшысының қолдауымен ғылымға баса көңіл бөлініп, сәйкес қаржыландыру берілді, - деді ол.

Ахмед-закидің мәлімдеуінше, былтыр қабылданған Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту, өмір бойы оқыту және ғылымды дамыту сияқты бағыттарға ерекше назар аударылады.

Президенттің Жарлығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. Ғылымды қаржыландыру 3,5 есе өсті, ал әлемнің жетекші орталықтарында қазіргі уақытта 800-ден астам адам ғылыми тағылымдамадан өтті, - деді Дархан Ахмед-Заки.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы