Елімізде 230 ойын-сауық және демалыс саябағы бар

2023 жылы Қазақстанда 230 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, оның 29,6% мемлекеттік меншікте, 69,1% – жеке меншікте, 1,3% – шетелдік меншікте.

Ойын-сауық саябақтарының 19,1% ауылды жерлерде орналасқан (44). Өңірлік бөліністе демалыс және ойын-сауық саябақтарының ең көп саны Түркістан облысында (27 саябақ), Шымкент (25 саябақ) және Астана (22 саябақ) қалаларында.

Ашық аспан астында орналасқан ойын-сауық және демалыс саябақтарының жалпы ауданы 2,2 мың га құрайды.

Саябақтарда барлығы 4130 ойын-сауық нысаны бар, олардың 1641 – аттракциондар, 1673 – ойын автоматтары, 816 – басқа түрлері.

Өткен жылы ойын-сауық және демалыс саябақтарына қазақстандықтар 14,7 млн рет барған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - Архив
Өзгелердің жаңалығы