Елімізде 2022 жылдан бастап электромобильдер өндіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
Оның айтуынша, елімізде 2025 жылға қарай 72 ірі кәсіпорын, оның ішінде 66 металлургия, 3 химия және 3 цемент зауытын салу жоспарлануда.
Ол кәсіпорындар бойынша кешенді экологиялық сараптама жүргізіледі. Ең озық, қолжетімді технологияларды қолданып және белгіленген барлық экологиялық талаптарды сақтай отырып, олардың құрылысы қамтамасыз етіледі, -дейді министр.
Экологиялық таза көлік өндірісін дамытуға келсек, отандық кәсіпорындарда - Саран және Алматы қалаларында YUTONG және Golden Dragon электр автобустары және Қостанай қаласында JAC iEV7s электромобилі өндіріле бастады.
Бұдан басқа, 2022 жылдан бастап Hyundai Ioniq электромобильдері, сондай-ақ 2023 жылдан бастап KIA EV6 өндірісі басталады, - деді Қайырбек Өскенбаев.
Сонымен қатар , электромобильдер мен электр автобустары инфрақұрылымын құру үшін Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қалаларында 110 электр зарядтау станциялары орнатылды.
Электр тартымды автомобильдерді сатып алуды ынталандыру үшін Қазақстанда электромобильдердің иелері көлік салығын төлеуден босатылды, -деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы