Елімізде 194 мың адам онкологияға шалдыққан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында ДСМ штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова мәлімдеді. 

Онкологиялық науқастардың саны 2021 жылы 194 633-ті құрады. Осылайша, сырқаттанушылық деңгейі 2020 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға, яғни 4474 науқасқа артқан. Онкологиялық науқастардың электрондық тізбесінің деректеріне сәйкес, өлім-жітім көрсеткіші былтыр 100 мың тұрғынға шаққанда 72,0-ді – 13 665 жағдайды құрады.  Өлім-жітім деңгейінің төмендеуі  4,7%-ды көрсетті, - деп атап өтті еліміздің штаттан тыс бас онкологы. 

Сонымен қатар ол өлім-жітім обырдың ең көп қай түрі бойынша орын алатындығына тоқталды. 

Өлім-жітім ең бірінші  өкпе обырында көп кездеседі. Екінші орында – асқазан обыры, үшінші орында – колоректалді обыр, төртінші орында – сүт безі обыры, бесінші орында – ұйқыбез обыры, - деді Диляра Қайдарова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы елде онкологиялық аурулардың көбеюіне пандемияның тікелей әсері болғанын атап өткен болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы