Елімізде 18-23 қаңтар аралығында қатты аяз болады
Қазақстанда 18-23 қаңтар аралығында ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атлантика циклоны елдің көп бөлігінде ауа райын қалыптастырады. Циклонның фронтальды бөліктерінде қар, боран, кей жерлерде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын болжанып отыр. Сонымен қатар, ел аумағында жел күшейіп, тұман және көктайғақ болады.
Өңірлер бойынша болжам:
- 18 қаңтарда Түркістан облысында қатты жауын-шашын күтіледі.
- 20 қаңтарда Ұлытау облысында, 21 қаңтарда Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында күшті қар жауады.
- 21-22 қаңтарда Ақмола облысында, 22 қаңтарда Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Абай облыстарында қарлы боран болады.
- 22-23 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Алматы және Жетісу облыстарында қатты қар жауады.
Ауа температурасының төмендеуі:
Синоптиктердің болжамынша, 22 қаңтардан бастап ел аумағында суық ауа массасы таралады, бұл түнгі температураның айтарлықтай төмендеуіне әкеледі:
- Батыста -10...-20°C;
- Солтүстік-батыс және солтүстікте -20...-30°C;
- Орталық және шығыста -25...-35°C;
- Оңтүстікте -12...-25°C.
Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға және сақтық шараларын ұстануға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы