Елімізде 1,7 млн ата-ана оқудан өтті
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы аясында 1,7 млн ата-ана оқудан өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты хабарлағандай, осы жылдың қаңтар айынан бастап ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарында 64 мыңнан астам сабақ өткізілді.
Осы жылдың қаңтар айынан бастап 1,7 млн-нан астам ата-ананың қатысуымен 64 мың іс-шара өткізілді. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасы ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету және олардың позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру үшін оқу орындарымен күш біріктіруі көзделген. Орталықтарда көрсетілетін тұрақты психологиялық қолдау ата-аналарға тәрбиенің тиімді стратегияларын дамытуға, балалармен қарым-қатынасты жақсартуға және әртүрлі отбасылық мәселелерді шешуге көмектеседі», - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.
Айта кетейік, 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық білім беру ұйымында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істеуде.