Елімізде 164 мыңнан астам ата-ана баласына арнап депозит ашқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде балалар депозиті бойынша жиналған қаражат сомасы 10,7 млн теңгені құрайды. Қазіргі кезде осы қызметті пайдаланып, 164 817 ата-ана өз балаларына есепшот ашқан. Бұл банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Банк таратқан мәліметке қарағанда, осыдан бір жыл бұрын балалар депозитінің саны 144 682-ні құраған.

«Негізінен, банктегі шоттар 1 жастан 10 жасқа дейінгі сәбилерге ашылған. Қазіргі сәтте осы жас аралығындағы балалардың атында 88 761 депозит бар. Екінші орында тұрғандар – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 10 жастан 18 жасқа дейінгі салымшылары. Оларға ашылған жалпы депозит саны – 65 480. Ал, үшінші кезекте – банктің ең кішкентай клиенттері, яғни, 1 жасқа дейінгі сәбилер. Олардың атына бүгінде 10 576 депозит ашылған», - деп көрсетілген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы