Елімізде 156 ана қайтыс болды. Бұл жай, құрғақ статистика емес – Президент
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 2020 жылы 156 адам қайтыс болган. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Былтырғы жылы біз 156 анадан айырылдық. Өлім-жітімнің 2,8 есеге өсуі байқалды. Бұл жай, құрғақ статистика емес. Бұл 156 отбасы үшін орны толмас қайғылы жағдай, - деді Президент.
Мемлекет басшысы Үкімет пен облыс әкімдеріне барлық денсаулық сақтау ұйымын медициналық құрал-жабдықтармен түгендеуді тапсырды.
Ол өңірлер халықтың денсаулығына қатысты жағдайды жазадан қорқып жасыратынын айтты.
Өңірлер рейтингке ұмтылып, жазадан қорқып, істің нақты жағдайын жасырады. Біз халықтың денсаулығының шынайы индикаторларын білуге тиіспіз... Аурудың нақты көрінісі бойынша статистикалық сенімді зерттеулерді жедел түрде ұйымдастыру қажет, - деді Тоқаев.
Бұл бір ай ішінде жасалуы керек деп қосты Мемлекет басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы