Елімізде 148 әуе рейсі кейінге қалдырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 7 қаңтарда барлығы 201 рейс жоспарланған (Air Astana және Fly Arystan – 141, SCAT – 40, Qazaq Air – 20), оның ішінде 15 рейс кейінге қалдырылып, 148 рейс тоқтатылды.
Бұл туралы ИИДМ баспасөзі хабарлады.
Қалған рейстердің барлығы кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Рейстердің кешігуі мен тоқтатылуының негізгі себептері – әуежайлардың жабылуы.
Ақтау, Алматы әуежайының шектеулі қолжетімділігі, ұшуды дайындауға арналған интернет проблемалары, сондай-ақ рейстердің кеш келуі себеп болып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыдағы су уланған деген ақпарат жалған
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы