Елімізде 1,3 миллионнан астам бала спортпен шұғылданады

Елімізде 1,3 миллионнан астам бала мен жасөспірім дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республика бойынша 6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің жалпы саны шамамен 4 000 000 адамды құрайды. Сонымен қатар 260 мыңнан астам бала мен жасөспірім 780 балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарында спортпен айналысады. (Ел бойынша 645 балалар-жасөспірімдер, 142 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубтары бар).

4 жастан 17 жасқа дейінгі 250 мыңнан астам бала жергілікті бюджет есебінен 7 мыңнан астам спорт секцияларына барды. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын орындау мақсатында 2021 жылғы мамырдан бастап спорт секцияларын жан басына қаржыландыру арқылы мемлекеттік спорт тапсырысын іске асыру тетігі енгізілді.

Мектептерде спорттың 10 түрі бойынша ұлттық мектеп спорт лигалары, оның ішінде баскетбол, волейбол, футбол, футзал, жеңіл атлетикалық кросс, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, қазақ күресінен спорттық жарыстар өткізіледі.

Мектеп командалары арасындағы жазғы және қысқы гимназиядаларының жеңімпаздары Дүниежүзілік жазғы және қысқы гимназиядаларына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Осы жарыстың жеңімпаздарына Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмай, елдегі кез келген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары грант алуға құқық береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы