Елімізде 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда балалардың қаза табуымен аяқталған 15 өрт оқиғасы тіркелген. Ол сондай-ақ, Ақмола облысындағы қайғылы жағдайға байланысты пікір білдірді.
Бұл оқиғада өрт салдарынан екі бала қаза тапты. Оның айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанда балалардың қаза табуымен аяқталған 15 өрт тіркелген, олардың көпшілігінде балалар үйде жалғыз болған. Осы деректерді талдай келе, кәмелет жасқа толмаған 12 жасқа дейінгі балаларды үйде қалдыруға заңнамалық тұрғыдан тыйым салу қажеттігін қарастыру керек деп санаймын. Әрине, мұнымен қатар қолдауға мұқтаж отбасыларға мемлекет тарапынан көмек көрсету бағдарламалары қарастырылуы тиіс,- деді Динара Закиева.
Қараша айында елордада төрт баланың өлімімен аяқталған өрт болған еді. Қайтыс болған балалардың жасы 2-ден 13 жасқа дейінгі аралықта еді.
- Алматыда екі қабатты ғимараттан өрт шықты (ВИДЕО) 11:12
- Алматы мен Алматы облысының тауларында үш адам құтқарылды 10:49
- Көкшетауда автобус жүргізушісі мен жолаушы арасындағы төбелес: полиция істің мән-жайын жариялады 10:19
- Түркияның Мугла провинциясында жол апатынан кейін көлік өртеніп, екі адам қаза тапты 09:52
- Доллар, еуро, рубль: 15 қарашада Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы 09:17
- Теннис: Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы ITF турнирінің жұптық сынында жеңіске жетті 08:53
- Қазақстанда көбелектің жаңа түрі анықталып, оған академик Манаш Қозыбаевтың есімі берілді 08:35