Елімізде 12 млн тонна астық бастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 15 қыркүйегіндегі жағдай бойынша республикада 13,2 млн гектар жерден (83,3%) дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,1 центнерді құрап, 12 млн тонна астық түсті. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады.
Егін егетін негізгі үш өңір – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 10 млн гектар жер орылып (86%), 8,2 млн тонна астық жиналды. Бұл өңірлердегі өнімділік гектарына 8,3 центнерді құрады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Тұлпар мініп, ту алған» байқауы жалғасады
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы