Елімізде 11 күндік сәби коронавирустан қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан педиатрлар қоғамдастығының басшысы, медицина ғылымдарының докторы Сағира Әбдірахманова елімізде коронавирустан нәресте қайтыс болғанын айтты.
Сағира Әбдірахманованың айтуынша, коронавирустың үнді штамы тез жұғатын болғандықтан, адамдардың иммундық жүйесін «алдай» алады.
Біз жақында ғана он бір күндік баладан айырылып қалдық. Өйткені анасы жүктіліктің 39-аптасында инфекция жұқтырып, іші өтіп, дене қызуы көтерілген. Босанған әйелдің жағдайы ауыр болды. Бесінші күні баланың миы зақымданғаны анықталды. Нәрестеде инсульт дамыды. Кейінірек оның жүрегінде, үлкен тамырларында, қолқасында және өкпе артериясында ұйып қалған қан бар екені анықталды. Біз бұл баланы құтқара алмадық.
Екінші жаңа туған сәби түсті – ол балада да осындай белгілер. Бұл инсульттан басталады. Бүгінде балалар арасында ауру жұқтыруы көрсеткіші артты. Балаларда ауру ауыр өтеді, өйткені вирус мутацияға ұшырап, өте агрессивті бола түсуде, – деді Сағира Әбдірахманова баспасөз орталығындағы онлайн-брифингте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елде мал азығы қажеттіліктен 2 есе аз өндіріледі
Өзгелердің жаңалығы