Елімізде «100 пайдалы әдет» онлайн акциясы жүргізіліп жатыр

«Жастар Рухы» Жастар қанаты әлеуметтік желіде «Менің пайдалы әдеттерім» марафоны жалғасын тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Марафон арқылы белсенді жастар қоғамды оң өзгерістер жасауға шақырып жатыр. Акцияға Қазақстанның барлық аймағының жастары жазба арқылы бір-біріне жолдап, өздерінің «пайдалы әдеттері» туралы жазбаларды белсенді жариялап жатыр.

Кітапта қанша игілік барын түсінсек те, кейде оны оқуға уақыт таппай жатамыз. Жақында күн сайын кемінде 1 сағат кітап оқуды әдетке айналдырған болатынмын, сол арқылы 10 кітапты да оқып бітірдім. Әдетің жақсы болса,- қасиетің, әдетің жаман болса - қасіретің! Ендеше, әдетімізге мұқият болайық Баршаңызды онлайн акцияға қатысуға шақырамын,- дейді Талдықорған қаласының «Жастар Рухы» Жастар қанатының мүшесі Дария Ілияс.

Сондай-ақ марафон аясында белсенділер тұрғындары арасында әлеуметтік эксперимент жүргізіп, оларға челлендж түріндегі 1 ай көлемінде орындау керек «пайдалы әдетті» таңдауды ұсынған болатын. Ал қала тұрғындары челлендж нәтижелерін әлеуметтік желілерде арнайы «әдеттер трекері» арқылы бөлісіп жатыр. Атаулы марафон жастарды пайдалы, жақсы әдеттерді қалыптастыруға көмегін тигізеді дейді ұйымдастырушылар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: жеке мұрағаттан
Өзгелердің жаңалығы