Елімізде 10 жыл ішінде 2 мыңнан астам адам суға батып қайтыс болды

Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжановтың айтуынша, елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мың көл бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оларды азаматтар шомылу, демалу және балық аулау үшін пайдаланады, онда әкімдердің шешімдерімен бекітілген 708 рұқсат етілген жаппай демалыс, туризм және спорт орындары жабдықталды, оның ішінде 167-і коммуналдық және 425-сі жеке жағажайлар, қалған 116 спорт және туристік мақсаттарға арналған.

Атқарылған кешенді жұмыстардың арқасында жыл сайын суға батып қайтыс болғандар саны азайып келеді. Соңғы 10 жылда 2 мыңнан астам адам суға батып қайтыс болды. Оның ішінде 701-і бала. Жыл басынан бастап патрульдеу өткізу барысында 131 адам құтқарылды, оның ішінде 35 бала, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы