Елімізде 10 қаланың ауасы ластанған

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәліметіне сүйенсек, елімізде атмосфералық ауасы ластанған 10 қала бар. Соның бірі – Атырау қаласы.

Бұл туралы министр Мәжілістің Экология және табиғатты пайдалану комитетінде "Экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары" тақырыбында өткен кеңейтілген отырыста мәлім етті. Отырыста Қазақстанның экологиялық жағдайы, қоршаған ортаның жай-күйі мен табиғи ресурстарды пайдалануды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

Мониторинг нәтижелері бойынша 69 елді мекеннің 10-ы атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейіне жатады. Бұл – Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған, Риддер қалалары. Жыл сайын "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы шеңберінде еліміздің ірі қалаларында орналасқан 16 кәсіпорында ластаушы заттар шығарындыларын азайту жөніндегі іс-шаралар іске асырылуда, - деді Зүлфия Сүлейменова.

Министрдің мәліметінше, 2022 жылы қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемнен жергілікті бюджетке 98,6 млрд теңге түскен.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: massaget.kz
Өзгелердің жаңалығы