Еліміз жыл соңына дейін Германияға 1,4 млн тонна мұнай экспорттайды
Еліміз 2024 жылды "Дружба" мұнай құбыры арқылы Германияға 1,4 млн тонна мұнай жеткізумен аяқтауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметіне сәйкес, жылдың алғашқы 10 айының қорытындысы бойынша шамамен 1,2 млн тонна мұнай тасымалданды, ал жылдың соңына дейін бұл көрсеткішке қол жеткізу күтілуде. 2025 жылы жеткізілім көлемі өзгеріссіз қалады — 1,2 млн тонна.
Бұл көрсеткіштер Қазақстанның мұнай саласының тұрақтылығын көрсетеді және Германиямен энергетика саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңыздылығын растайды, - деп атап өтті Энергетика министрлігінен.
Еске сала кетейік, 19 қарашада Энергетика министрлігі елімізде магистральдық құбырлар жүйесі бойынша мұнай тасымалдау көлемінің 10 айдағы қорытындысын жариялаған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Келесі жаңалық
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы